Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

«№ 36 балабақша» - мейірімділік, қуаныш, сүйіспеншілікошағы

Бала – біздің болашағымыз, әрі өсіріп, баптап отырған бәйтерегіміз.

Бүгінгі бүлдіршін – еліміздің байрағын желбіретер ертеңгі азамат. Әрбір адам жарық дүниеге аспаннан ағып түскен жұлдыз сияқты пайда болып, сол жұлдыздың жарығымен айналасының бәріне нұрын шашады. Егер де баланың ішкі жан дүниесі мейірімділік пен қуанышқа толы болса, ол одан әрі жарқырай түседі. Өмірге келген әрбір сәби бақытты болуға лайықты. Бала жүрегін қуанышқа толтырып, қоршаған ортасын түсіністік пен махаббатқа айналдыруымыз керек. Бала тәрбиесі оңай іс емес. Ал сол сәбилердің қызығы мен шыжығын көріп, еркелігін көтеріп, анасындай болып жүрген тәрбиеші қауымның атқарар ісі мен көтерер жүгі ауыр да жауапты.

Еліміздің болашағы – жас ұрпақ. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауы мектепке дейінгі мамандар үшін болашаққа деген жігерін ынталандыра түскендей. Әрбір педагог мейірімді, жан-жақты, қайырымды болуы керек. Тәрбиенің бастауы ана құрсағында жатқанда-ақ басталса, әрі қарай тәрбие мен білімді балабақшадан алады.

«№36 Топотушки балабақшасында» білікті мамандар жұмыс жасайды. Балабақша қабырғасында еңбек өтіліне қарай әр түрлі педагогтер, оның ішінде білім саласында 30 жылдан аса жұмыс жасап жүрген педагогтер де бар. Шығармашылық қабілетті, алғыр жас мамандар да бар. Жас ұрпаққа тәрбие беретін тәрбиеші мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс- тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс-тәжірибесінде қолданып отырады.

МКҚК «№36 Топотушки» балабақшасында оқыту мен тәрбие жұмысы мемлекеттік және орыс тілінде жүреді. Балабақшада қазіргі таңда 10 топ жұмыс жасайды. Оның ішінде 3 топ мемлекеттік тілде, 7 топ орыс тілінде оқытады. Қазіргі таңда балабақшада 23 педагог жұмыс жасайды. Педагогтерді тәжірибелі, өз қызметінің үздік маманы деуге болады.

Балабақша тәрбиешілері балалар жүрегіне мейірімділік пен сүйіспеншілік, құрмет пен қайырымдылық, ізгілік пен парасаттылық, адамгершілік қасиеттерін ұялату үшін, денсаулығын сақтап, нығайту үшін инновациялық әдістерді тәрбие мен оқыту барысында қолданады.

Жұмыс мақсаты:

Негізгі құзыреттіліктерді игерген, жалпыадамзат және ұлттық құндылықтар негізінде мәдени тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалды, физикалық денсаулығы дамыған мектепте оқуға дайын бала.

Педагогтердің кәсіби шеберліктері:

балаларға деген махаббаты

қайырымдылық пен шапшаңдық

кәсіпқорлық

қатынас шеберлігі

ізденімпаздылық

шығармашылығы

инновациялық көзқарасы

«№36 Топотушки» балабақшасы ашылғаннан бері балабақшаға 39 жыл бойы балалар келуде.

Жұмыс бағыты:

өзін-өзі тану;

баланың қоршаған орта мен өзін тануға, түсініп, қабылдауға қызығушылығы ;

шығармашылығы;

ақыл-ой қабілеттіліктерін дамыту;

өз бетінше іздену

ізденімпаздылық

эстетикалық

 

Айырмашылық ерекшелігі – үлкендер мен балалар арасындағы шығармашылық.