Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

«№ 36 Топотушки» балабақшасына қош келдіңіз!

«Балалық шағымызды мейірімділікке бөлейік»

 

БАЛАБАҚШАДА ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

  • балалардың физикалық және психикалық денсаусаулығын

нығайту және өмірін қорғау;

  • баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын және физикалық дамуын, интеллектуалды қабілетін қамтамасыз ету.

  • балалар бойына жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды қалыптастыру;

  • баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге отбасының атқаратын рөлі;

  • рухани-имандылық тәрбиесі.

 

Балабақша - бұл мейірімді, сүйкімді, көңілді, ойын сүйгіш балалардың шоғырланған ордасы. Біз балабақшада балалардың денсаулығын нығайтуға, жан-жақты жетілуіне, жеке дара бейімділігін, қызығушылығын дамыту үшін жұмыла жұмыс жасаймыз.

Балабақша- бұл күнде таңертең балаларын тәрбиеші құшағына тапсыратын ата-аналардың келетін тәрбие орталығы. Ата-аналар біздің жұмысымыздың ең негізгі көмекшілері болғанына қуанамыз.

Балабақша - бұл ең шығармашыл, үздік, белсенді, еңбекқор, жан дүниесімен жас ұрпақты тәрбиелейтін қызметкерлердің тәрбие ошағы.

Балабақша - бұл баланың өмір сүру ортасы, отбасымен педагогикалық ынтымақтастықты жүргізетін білім орталығы.

Біздің балабақщада басқа да тату отбасындағыдай, өз дәстүрлеріміз бар.

Балабақша – балалардың жүйелі түрде тәрбие-білім алатын ең алғашқы қоғамдық ортасы.

Балабақша баланы ең алдымен тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді.

Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.

Біздің «Топотушки» балабақшасы әрбір баланың жүрегіне мейірім мен қуаныш сыйлауға тырысады.

Біз сіздің балаңызды күтеміз!