8 ақпан 2023 жылы. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 08 ақпан айында «№36 “Топотушки” бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК-де қалалық «Жетістіктер апталығы» өтті.
Бөбекжай директоры Ергизова Ольга Александровна семинарды ашып, бөбекжай әдіскері Мулдахова Мугалима Ивантулаевна семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Жетістіктер апталығының бағдарламасы бойынша, ересек тобының тәрбиешісі Қынабай Г.Ж. «Путешествие в зимний лес» кіріктірілген іс-әрекетті, мектепалды тобының тәрбиешісі Джолдасова К.М. және Сахратова А.А «Проделки Снежной Королевы» кіріктірілген іс-әрекетті , мектепалды тобының тәрбиешісі Мырзахметова Г.Т. «Ойланып, ойнайық» кіріктірілген іс-әрекетті ұйымдастырды.










