17.03.2023 ж. Наурыз – Қазақстан жеріндегі көктем мен жаңару мерекесі. Бұл табиғаттың жаңарып, қалың қыстан аман есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде халқымыз бір- бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Балаларға бала кезінен салт-дәстүрді сіңіру керек, әр жылда балабақшада Наурыз мерекесін көңілді өткізу өте маңызды.
Бөбекжайымыздың барлық топтарында мерекелік іс-шаралар өтті.
Балалар мерекеге ән мен би дайындады, ұлттық ойындар ойнады. Олар ертеңгілікте өз өнерлерімен халқымыздың мәдениетін, қонақжайлығын көрсетті. Көңілді, көктем мерекесінде мерекелік дастархан жайылып, балалар бір -біріне тілектер айтты.










