Самсаденов Асхат Самсаденович 1974 жылы Атырау облысында дүниеге келді. 2019 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін бітірді. Қазіргі таңда «№ 36 Топотушки» бөбекжайында дене шынықтыру маманы қызметін атқарады.
Педагог бөбекжай ішінде өтетін, қалалық, республикалық сырттай байқауларға қатысып отырады. Бөбекжай тәрбиеленушілері Асхат Самсаденовичтің дене шынықтырудан оқу іс-әрекетіне үлкен қызығушылықпен қатысады. Педагог бөбекжайда балалардың денсаулықтарын нығайтып, ақыл-ойын, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру мақсатында көңілді эстафеталар, сауықтыру, мерекелік іс-шараларын үнемі өткізеді. Бұл шараларға ата-аналар да балаларымен бірге қатысып отырады.
Асхат Самсаденович өз жұмысына жауапты, ұжымда сыйлы педагог.
2023 жылы Асхат Самсаденович «Ойын технологиясы-мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойларын, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту құралы» тақырыбындағы қалалық-әдістемелік семинарға қатысты.
Самсаденов Асхат Самсаденович Ақтау қалалық білім бөлімінің Алғыс хатына ұсынылады.








