Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

Бектлеуова  Жемис Ильясовна 1977 жылы Маңғыстау облысы, Жетібай ауылында дүниеге келді. 1999-2002 жылдар аралығында Ақтау қаласы Ш.Есенов атындағы мемлекеттік университетінде білім алып, «қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» мұғалімі мамандығын алды. Еңбек жолын «№36 Топотушки» бөбекжайында қазақ тілі мұғалімі қызметінен бастайды. Жемис Ильясовна өз жұмысын жетік білетін, жауапкершілікпен қарайтын педагог. Бөбекжайда өзге ұлт өкілдері мен орыс тілінде тәрбиеленіп отырған қазақ отбасыларының балаларына қазақ тілін қызығушылықпен үйретеді. Педагог жұмыс барысында заманауи технологияларды пайдаланады, балаларға қазақ тілінен оқу іс-әрекетін қызықты өткізу үшін дидактикалық ,сөздік, мнемотехника бойынша ойындарды пайдаланып, жаңартып отырады. Педагог бөбекжай тәрбиеленушілерін қалалық, республикалық сырттай байқауларға үнемі дайындайды. Бөбекжай тәрбиеленушілері мәнерлеп оқу байқауларына, жыл сайын өтетін қалалық «Ханталапай» байқауына қатысып дипломдармен марапатталды.                                                                                                                                              

2017-2023 жылдар аралығында Маңғыстау облысы кәсіподақ ұйымы, Ақтау қалалық білім бөлімі атынан бірнеше құрмет грамота, алғыс хаттар, дипломдармен марапатталды. Жемис Ильясовна отбасында балаларына өнегелі ана, үлгілі жар, ұжымда абыройлы,еңбекқор маман.

Бектлеуова Жемис Ильясовна Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасына ұсынылады.