
Бекмагамбетова Нуржамал Муратхановна Түрікменстан Республикасында дүниеге келді. «№36 Топотушки» бөбекжайында 2010 жылдан бастап, тәрбиеші қызметін атқарады. Педагог мектепалды даярлық тобында жұмыс жасайды. Балалармен ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерін балалармен жоғары деңгейде өткізеді. Әр баланың білім деңгейін көтеруге, ақыл ойын жетілдіруге, жүректеріне жылулық сыйлауға тырысады. Ұжымда өте сыйлы қызметкер. Тәлімгер ретінде жас мамандарға әдістемелік көмек береді.
2019 жылы – Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қ. Филиалынан курстан өтті;
2021 жылы – «Өрлеу» БАҰО» АҚ. Курстан өтті;
2019 жылы– Ашық хат, Ақтау қаласының әкімі;
2020 жылы - Құрмет грамотасы, Ақтау қалалық білім бөлімі;
2022 жылы – Алғыс, Маңғыстау облысының әкімі;
2022 жылы- Ақтау кәсіптік одағының ұйымдастыруымен өткізілген « Үздік ана»байқауы, «Белсенді топ» номинациясы, ІІІ дәрежелі диплом;
2021, 2023 жылдары – Республикалық «Мектеп ұстаздарының әлемі» педагогикалық журналына басылымы шықты;
2019 жылы – Қалалық мәнерлеп оқу байқауы «Тәуелсіздік - ел тұғыры», «Ынталандыру» дипломы
2022 жылы - Қалалық әдістемелік онлайн вебинар «Қазіргі білім беру технологиялары – мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту құралы»;
2023 жылы – Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу –әдістемелік орталығы» КММ Қалалық семинар «Ойын технологиясы – мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойларын, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту құралы».
Тәрбиеші Бекмагамбетова Н.М. Маңғыстау облыстық білім басқармасының Алғыс хатына ұсынылады.







