08.10.2020 ж. Балабақшада дене шынықтырудан тәрбиеленушілер арасында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға қатысушылар жарыс барысында өздерінің шапшаңдығын, алғырлығын, меңгердігін көрсете білді. Командаларға жүгіру, секіру түрлері ұсынылды. Спорттық жарыс өте қызықты ,көңілді өткендіктен, уақыттың да қалай зымырап өткенін байқамай қалдық. Жарысқа қатысқан балалар жақсы көңіл-күймен тарасты.






