Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

Ақтау қалалық білімді дамыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес 26.11.2020 ж. «№36 Топотушки» балабақшасы МКҚК «Мнемотехника – мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда тиімді шығармашылық әдіс-тәсілдер жүйесі» тақырыбында оқыту вебинары өтті.

Оқыту вебинарының мақсаты: педагогтерді инновациялық технологиясы – мнемотехникамен таныстыру, мектеп жасына дейінгі балаларға мнемокесте көмегі арқылы тіл дамытудың әдіс-тәсілдерін көрсету. Вебинарда мнемотехника - тіл дамыту технологиясы негізінде теориялық және практикалық материалдар қамтылды.

Бейнелекция барысында «мнемотехника» ұғымы түсіндіріліп, көрсетілген, мнемотехниканың қолдану саласы белгіленіп, оның даму тарихы қарастырылған, ұйымдастырылған оқу қызметтерінде оларды тиімді қолдануға негізделген. Аталған бейнелекция бағдарламасы жаңа заманауи әдістерді оқытуда оқыту материалдарын тиімді есте сақтауға, білім беру барысында балаларға қажетті әр түрлі мазмұндағы ақпаратты есте сақтау қабілетін қалыптастыруға бағытталған