
МКҚК №36 «Топотушки» балабақшасында Алғыс айту күніне «Ризашылық – мейірім бұлағы» атты жалпыұлттық мәдени – білім беру жобасына орай, әр-түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мектепалды даярлық, ересектер топтарында «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» тақырыбында балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында оқу қызметтері жүргізілді. Балалардың бойында бауырлары мен жақындарына мейірімді, қамқорлық қарым - қатынас жасау дағдыларын дамыту, игілікті істер жасау арқылы өзіне және өзге адамдарға қуаныш әкелуге деген ынтасын арттыру бағытында жүргізілген оқу қызметі балаларға керемет көңіл күй сыйлады.
Балалар оқу қызметі барысында үлкендер мен кішілерге деген қамқор болуға, жақсы мен жаман іс-әрекеттерді ажырата білуді үйренді.






