Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
Наурыз мейрамы – бұл табиғаттың, көктемнің жаңаруының, сүйіспеншіліктің, достықтың, құнарлылықтың іске асуының тамаша бір мерекесі. Бұл мерекеде адамдар бір-бірімен міндетте түрде тату болуы керек. Бұрыңғы уақытта Наурыз мейрамы кезінде ұрыс-соғыс та тоқтаған екен. Бұл күні адамдар каһарлы қыстан аман шыққанына қуанып, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады екен.
Біздің балабақшада Наурыз мерекесін атап өтті. Мерекеде тәрбиешілер балаларды қазақтың салт-дәстүрімен, қазақтың қонақжайлылығымен таныстырды. Балалар ән шырқап, наурыз туралы тақпақтарды мәнерлеп айтып берді, қазақтын ұлттық ойындарын ойнады.






