Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір Отанда тұрамыз,
Бір бақшаға барамыз!
1 мамыр Қазақстан халықтарының  бірлік пен ынтымақ күні. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақ. Мереке күні балалар әр тілде тақпақтарды мәнерлеп, өлеңдерді нақышына келтіріп орындады. Балалар ұлттық ойындар ойнады, достық туралы мақал-мәтелдер айтып, жарысқа түсті. Балалар мереке барысында бір-біріне қолдау көрсете білді. Бірлік күніне арналған мереке балаларға сыңғырлаған қуанышты күлкі сыйлады.
________________________________________________________
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді алақай!
Ұмытылмас мәңгілік.
Жылдық жоспарға сәйкес, Ұлы жеңіс күніне орай мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттыққа тәрбиелеу, Отанын, туған жерін сүюге баулу, қариялар мен Отан қорғаушыларды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында балабақшада мерекелік іс-шара өтті.