Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

15 сәуірде балабақшада ZOOM форматы бойынша «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес Ақтау қаласындағы мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтеріне «Заманауи білім беру технологиялары- бұл мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту құралы » тақырыбында қалалық семинар өтті . Семинардың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту мен оқытуда педагогтердің кәсіби құзыреттіліктері мен жетістіктерін арттыру.

Педагогтерге келесі ұйымдастырылған оқу қызметтері ұсынылды: №1«Қарлығаш» ересек тобындағы «Үй жануарлары» тақырыбында  кіріктірілген оқу қызметі, тәрбиеші Мырзахметова Г.Т.; №10 мектепалды даярлық тобында  қоршаған ортамен таныстыру бойынша «Гүлдер қаласының тұрғындарына көмектесейік» тақырыбында ҰОҚ ұсынылды. Тәрбиешісі Бекмагамбетова Н.М.; № 12 «Балдәурен» мектепалды даярлық тобында «Гүлдер әлемі» тақырыбында кіріктірілген ҰОҚ ұсынылды, тәрбиешісі Татиева Б.У.;Тәрбиеші Қынабай Ғ.Ж. №2 «Қоңырау» тобының балаларының ата-аналарымен «Дәстүрлі емес сурет салу әдістері арқылы балалардың ұсақ моторикасын дамыту» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Балабақша әдіскері Мулдахова М.И. «Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында ересек  және мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерінің ата-аналарының қатысуымен шеберлік сыныбын өткізді.