Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

1 қыркүйек «Білім күні» - біздің балабақшамызда дәстүрлі мерекеге айналды. Біздің бүлдіршіндер білім күнін қуана қарсы алады. Балалар да өздерінің бір жасқа есейгенін сезеді.

Бұл күні балабақша педагогтері балаларға көңілді, қызықты мереке сыйлады. Таңертеңнен бастап, балабақша ауласынан естілген көңілді ән-шашулар мен сайқымазақтар балалар мен ата-аналарды қарсы ала бастады.

Балалар қонақтармен бірге әр түрлі қызықты ойындар ойнап, әндер шырқады. Балалардың ойлау қабілетін арттыру үшін жұмбақтар жасырылды. Балабақша тәрбиеленушілері үшін, сүйікті балабақшамызда «Білім күні» қызықты да, көңілді де басталды.

 

21 қыркүйекте ересектер мен мектепалды топтарының арасында сазды спорттық ойын-сауық өтті. Өткізілген іс-шара балалардың туған қаласын жақын танып,  патриоттық сезімдеріне тәрбиелеуге, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін дамытуға, жан-жақты білім алуына бағытталған.

Балалар «Әлемдегі көрікті қала» сазды әуенімен балабақша ауласында сүйікті Ақтау қаламызды құттықтауға жиналды. Педагогтер балаларды әсем қаламызда бір-бірімен тату, дос болуға шақырды.