Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

25.01.2023ж. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 08 қантарында бөбекжайымызда «Ойын технологиясы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойларын, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту құралы» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар мақсаты: балалармен жұмыс ұйымдастыруда ойын технологияларын қолдану арқылы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Бөбекжай директоры Ергизова О.А. семинарды ашып, бөбекжай әдіскері Мулдахова М.И.семинардың бағдарласымен таныстырды. Семинар бағдарламасы бойынша, ересек тобының тәрбиешісі Б.У.Татиева «Бауырсаққа көмектесеміз» интегралдық іс-әрекетті, мектепалды тобының тәрбиешісі Н.М.Бекмагамбетова «Путешествие по стране «Математика»» ұйымдастырылған математика негіздері бойынша, мектепалды тобының тәрбиешісі Г.З.Эскерова «В поисках клада» квест-ойының қолдану арқылы демонстрациялық көрсетілімін ұйымдастырды. Психолог Г.К.Кабанова семинарға қатысып отырған педагогтермен «Позитив эмоций основа здоровья педагога» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.