Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат
ddu36@mail.ru
8 (7292) 31-19-08
20.12.2022 г. Желтоқсан айында жылдық жоспар бойынша «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» сурет байқауы және «Шыршаға жаңа жылдық ойыншықтар» қолөнер байқауы өткізілді.
Байқауға қатысушылар шығармашылық жүмысты орындау барысында өз қиялдарын, белсенділіктерін, шеберліктерін көрсетті. Ең бастысы балалардың Отанына деген сүйіспеншіліктері байқалды.
Барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
№36 «Топотушки» бөбекжайы МКҚК 2022-2023 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес, 2022 ж. 28 қараша мен 02 желтоқсан аралығында бақылау-есеп оқу іс-әрекеттері өтті. Бұл бақылау-есеп оқу іс-әрекеттердің мақсаты тәрбиеленушілірдің І тоқсандағы үйренген білімдерін дағдыларының нәтижесі. Қойылған міндеттерді іске асыруда ойындардың қоп қолдануға ерекше мән беріледі. Қолданылатын ойындар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеліп алынады.


Қазан айының соңғы аптасында, қараша айының басында №36 «Топотушки» бөбекжайында күзгі ертеңгіліктер өтті. Алтын күз әр топқа кіріп, балалармен әңгімелесіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар қуана-қуана Алтын күзге өлең жолдарын, мәнерлеп тақпақ айтып берді. Балалар Алтын күзбен қимай қоштасты.
№36 «Топотушки» бөбекжайында "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру: мектепке дейінгі білім беру деңгейінде сапалы білім трансформация" тақырыбында ата-аналарға жиналыс өткізілді. Ата-аналарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың принциптері мен бағыттары таныстырылды, яғни сыни тұрғыдан ойлайтын көпшіл, дені сау балаларды әлеуметтендіру, ізденімпаздықты қалыптастыру. Мектепке дейінгі білім беруді қайта іске қосу дың негізгі міндеті-балаларды үстелде аз отырғызып,ойындар арқылы қоршаған ортаны көбірек білуге мүмкіндік беру. Ата-аналар алдына бөбекжай директоры О.А.Ергизова, әдіскер,тәрбиешілер сөз сөйледі.


Қарашаның он сегізінде, аптаның соңғы жұмасында біздің балабақшада қызметкерлер арасында спорттық іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты ұжымдастар арасында достық және кәсіби байланысты нығайту; қызметкерлерге белсенді демалыс арнау, жарыста өздерінің жақсы қырларын көрсету, бір-бірімен жақын танысу, бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлау еді. Аталған спорттық жарыс барлық қызметкерлерге ұнады.