Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат
ddu36@mail.ru
8 (7292) 31-19-08
1 қыркүйек «Білім күні» - біздің балабақшамызда дәстүрлі мерекеге айналды. Біздің бүлдіршіндер білім күнін қуана қарсы алады. Балалар да өздерінің бір жасқа есейгенін сезеді.
Бұл күні балабақша педагогтері балаларға көңілді, қызықты мереке сыйлады. Таңертеңнен бастап, балабақша ауласынан естілген көңілді ән-шашулар мен сайқымазақтар балалар мен ата-аналарды қарсы ала бастады.
Балалар қонақтармен бірге әр түрлі қызықты ойындар ойнап, әндер шырқады. Балалардың ойлау қабілетін арттыру үшін жұмбақтар жасырылды. Балабақша тәрбиеленушілері үшін, сүйікті балабақшамызда «Білім күні» қызықты да, көңілді де басталды.

Біздің балабақшада жыл сайын балалар мен отбасыларға арналып әр түрлі тақырыпта қолөнер көрмелері өтеді. Қолөнер көрмелері біз біздің балабақшада дәстүрлі мерекеге айналды. Балаларға әсіресе күз мерекесінде өтетін қолөнер көрмесі ұнайды. Балалар ата-аналарымен бірге өз қиялдарынан әр түсті бояуларды пайдаланып,шығармашылықтарын шабыттандырып әдемі туындылар дайындады. Осы күз айында өтіп отыратын қолөнер көрмесіне тәрбиеленушілеріміздің ата-аналарына үлкен шығармашылық табыс тілейміз. Балаларға көңіл бөліп, қиялдарын шыңдап, қолдау көрсетіп отыратын ата-аналарымызға алғыс білдіреміз.

Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмысы - әрбір білім беру ұйымының міндетті жұмыс бағыты болып табылады. 21 маусымда «Дымбілмес жол ережесін қалай үйренді?» атты мерекелік іс-шара өтті.
Бұл мерекеде балабақша тәрбиеленушілері жолда сауатты және мұқият болу және алаңдамай жүру керектігін үйренді.

19 шілде күні балабақша алаңында «Клоунмен кездесу» көңілді мерекесі өтті. Балабақша алаңғында балалар жазғы көңілді ойын-сауыққа барлық топтағы балалар қатысты. Ойындар мен ашық ауада өткізілетін іс-шаралар балалардың көңілін көтерді. Сонымен қатар мереке сайын өткізілетін іс-шаралар балалардың физикалық және психикалық дамуына оң әсер береді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жүздері бал-бұл жанып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

1 маусымда дәстүр бойынша жыл сайын балабақшамызда балаларға арналған «Шапоклякпен біргеміз!» мерекесі дайындықпен өткізіледі. Балаларға арналған атаулы мереке көңілді әуенмен балабақша алаңында басталды. Балаларға көңілді сайқымазақ Бублик пен Шапокляк әже қонаққа келді. Қонақтармен бірге тәрбиеленушілер қызықты ойындарға, ерекше эстафеталарға қатысты, «Бұлтсыз балалық шақ» әнін орындады, спорт пен достық туралы әндер шырқады, би биледі.
