Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

Новости

Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

  №8 ГРУППА провели развлечение "Азбука безопасности!" 

Бектлеуова  Жемис Ильясовна 1977 жылы Маңғыстау облысы, Жетібай ауылында дүниеге келді. 1999-2002 жылдар аралығында Ақтау қаласы Ш.Есенов атындағы мемлекеттік университетінде білім алып, «қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» мұғалімі мамандығын алды. Еңбек жолын «№36 Топотушки» бөбекжайында қазақ тілі мұғалімі қызметінен бастайды. Жемис Ильясовна өз жұмысын жетік білетін, жауапкершілікпен қарайтын педагог. Бөбекжайда өзге ұлт өкілдері мен орыс тілінде тәрбиеленіп отырған қазақ отбасыларының балаларына қазақ тілін қызығушылықпен үйретеді. Педагог жұмыс барысында заманауи технологияларды пайдаланады, балаларға қазақ тілінен оқу іс-әрекетін қызықты өткізу үшін дидактикалық ,сөздік, мнемотехника бойынша ойындарды пайдаланып, жаңартып отырады. Педагог бөбекжай тәрбиеленушілерін қалалық, республикалық сырттай байқауларға үнемі дайындайды. Бөбекжай тәрбиеленушілері мәнерлеп оқу байқауларына, жыл сайын өтетін қалалық «Ханталапай» байқауына қатысып дипломдармен марапатталды.                                                                                                                                              

2017-2023 жылдар аралығында Маңғыстау облысы кәсіподақ ұйымы, Ақтау қалалық білім бөлімі атынан бірнеше құрмет грамота, алғыс хаттар, дипломдармен марапатталды. Жемис Ильясовна отбасында балаларына өнегелі ана, үлгілі жар, ұжымда абыройлы,еңбекқор маман.

Бектлеуова Жемис Ильясовна Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасына ұсынылады.

 

Мулдахова Мугалима Ивантулаевна  1972 жылы Ресейде дүниеге келді.

Мугалима Ивантулаевна  1997 жылы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығын  бітірді.  2010 жылы Алматы қаласынан «Қайнар» университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алды.

Алғаш еңбек жолын «№ 24 бөбекжайдан» бастады.

2001 жылдан бері «№36 Топотушки» бөбекжайында қызмет атқарады. 2022 жылы педагог модератор санатын алды. Мугалима Ивантулаевна әдіскер ретінде жаңа идеяларды ойлап табушы, теориялық білімі терең, педагогикалық үдерісті кеңінен талдай алатын, ақпараттарды сараптап, қорытынды шығарып, оны жұмыс сапасын жақсартуға дұрыс бағыттай алатын іскер маман. Әдіскердің тәрбиешілермен сапалы жұмыс жасау біліктілігінің арқасында бөбекжайымыздың  педагогтері республикалық, облыстық, қалалық байқауларға қатысады.

2019 жыл – Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы – Алғыс.  

2021 жыл - Маңғыстау облысының білім басқармасы - Құрмет грамотасы            

2021 жыл – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы – Құрмет грамотасы                                                                                                                                                                                           

2020 год – Қалалық  «Үздік педагог-2020» байқауы диплом ІІІ орын (воспитатель Кынабай Г.Ж.);                                                                                                               

2020 год – Қалалық  «Үздік тәрбиеші-2020» байқауы ІІ орын (воспитатель Эскерова Г.З.);                                                              

2021 год – Қалалық сырттай «Даланың алып қоңырауы» байқауы диплом ІІІ орын(воспитатель Мырзахметова Г.Т.);                                                   

2020 год – Қалалық байқау  «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымыз» диплом ІІІ орын;

2022 жыл – «Үздік Ана» қалалық байқауы диплом ІІІ дәрежелі                               

2021 жыл – «Өрлеу» БАҰО» АҚ біліктілік арттыру курсы;

Маңғыстау облысы  әкімінің Құрмет грамотасына ұсынылады.

 

 

Қынабай Гүльмира Жолдасқалиқызы еңбек жолын 1991  жылы Ақтау қаласында тәрбиеші қызметінен бастады. Педагог «№36 Топотушки» бөбекжайында 2007 жылдан жұмыс жасайды.

Жұмыс барысында өзін білгір, алғыр, балалар өмірін қызықты да тартымды ете алатын еңбекшіл педагог ретінде  көрсете білді. Педагог мектеп жасына дейінгі балалар педагогикасы және психологиясы негіздерін мықты игерген. Педагог жауапкершілікпен, шығармашылық ізденіспен жұмыс жасайды. Сонымен қатар балабақша өміріне белсенді қатысып, ұжым арасында өз қабілетін көрсете білді.

Гульмира Жолдаскалиевна қалалық семинарларға, «Жетістіктер апталығына» үнемі қатысады. Қазіргі таңда педагог модератор санаты бойынша қызмет атқарады.

2021 жылы - Маңғыстау облысының білім басқармасынан Алғыс хат;

2019 жылы –  Респ. Журнал «Мектеп ұстаздарының әлемі», Алғыс хат;

2020 жылы - қалалық «Үздік педагог-2020» диплом ІІІ дәрежелі;

2020 жылы - «Мектеп ұстаздарының әлемі» республикалық журналға оқу іс әрекетінің конспектісі жарияланды.

2023 жылы – «Өрлеу» біліктілік арттыру курсынан өтті.

2022 жылы- Ақтау кәсіптік одағының ұйымдастыруымен өткізілген « Үздік ана»байқауы, «Белсенді топ» номинациясы, ІІІ дәрежелі диплом;

Тәрбиеші Кынабай Г.З.. Ақтау қаласы әкімнің Құрмет грамотасына ұсынылады.