Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

Новости

02.10.2020 ж. Бүгін балабақшада мұғалімдер күніне орай тәрбиешілерді құттықтап, оларға жылы лебіздер айтылды. Тәрбиешілер балалар жүрегіне жылу сыйлай білетін тұлға екенін ұмытпауымыз керек. Ата-аналар комитетінің өкілдері онлайн-режим түрінде педагогтер ұжымын кәсіби мерекесімен құттықтады. Ақтау қалалық білім бөлімі басшы Тулебаева С.Д. атынан тәрбиешілер Татиева Б.У., Бекмагамбетова Н.М., Сахратова А.А. құрмет грамотасымен марапаталды.

21.09.2020 ж. Қала күніне орай ересектер мектепалды дайындық топтарында «Ақтау –менің сүйікті қалам!» тақырыбында тақырыптық іс-шара өтті. Тақырыптық іс-шара барысында балалар туған жер, сүйікті қаласы туралы тақпақтар мен өлеңдер орындады, қызықты ойындар өткізілді. Балабақшада өткізілген іс-шараның басты мақсаты- балалардың сүйікті қаласы туралы білімдерін жан-жақты бекітуге, патриоттық сезімдеріне тәрбиелеуге бағытталған.

01.09.2020 ж. Жайдарлы жаз да аяқталды! Балабақша бүлдіршіндері бір жасқа өсіп, денелері қатайып, ойлау қабілеттері де дамып келеді. Балабақша педагогтері балаларға арнап, мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Спорттық алаңда балалардың көңілін көтеру үшін, әрі қызықты болу үшін жұмбақтар жасырып, би биленіп, қызықты ойындар мен жарыстар өтті.