Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат
ddu36@mail.ru
8 (7292) 31-19-08

МКҚК №36 «Топотушки» балабақшасында Алғыс айту күніне «Ризашылық – мейірім бұлағы» атты жалпыұлттық мәдени – білім беру жобасына орай, әр-түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мектепалды даярлық, ересектер топтарында «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» тақырыбында балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында оқу қызметтері жүргізілді. Балалардың бойында бауырлары мен жақындарына мейірімді, қамқорлық қарым - қатынас жасау дағдыларын дамыту, игілікті істер жасау арқылы өзіне және өзге адамдарға қуаныш әкелуге деген ынтасын арттыру бағытында жүргізілген оқу қызметі балаларға керемет көңіл күй сыйлады.
Жылдық жоспарды іске асыру аясында біздің балабақшада МАД топтарында ашық сабақтар өткізілді. Педагогтер мектеп жасына дейінгі балалардың танымдықтарын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін ұсынды. Ашық оқу қызметтері педагогтердің кәсіби деңгейі мен білім беру үрдісін арттыру жүйесі бойынша маңызды рөл атқарады. Педагогтер ашық оқу қызметтерін шығармашылықпен және жауапкершілікпен өткізді. Балалар ҰОҚ барысында өз шеберліктерін көрсетті.
02.11-06.11. 2020 ж. Қараша айының бірінші аптасында барлық топтарда «Күз байлықтары» тақырыбында күзгі ертеңгіліктер өтті. Балабақшада өтетін әрбір мереке балаларға таңғажайып қызықты сәттер, қуаныш пен бақыт сыйлайды. Алтын күз әрбір топқа қонақ болды. Үлкендер және балалармен бірге ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ертеңгілік соңында жомарт Күз балабақшаның сүйкімді бүлдіршіндеріне дәмді алмалар тарту етті.

Ақтау қалалық білімді дамыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес 26.11.2020 ж. «№36 Топотушки» балабақшасы МКҚК «Мнемотехника – мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда тиімді шығармашылық әдіс-тәсілдер жүйесі» тақырыбында оқыту вебинары өтті.
Оқыту вебинарының мақсаты: педагогтерді инновациялық технологиясы – мнемотехникамен таныстыру, мектеп жасына дейінгі балаларға мнемокесте көмегі арқылы тіл дамытудың әдіс-тәсілдерін көрсету. Вебинарда мнемотехника - тіл дамыту технологиясы негізінде теориялық және практикалық материалдар қамтылды.
08.10.2020 ж. Балабақшада дене шынықтырудан тәрбиеленушілер арасында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға қатысушылар жарыс барысында өздерінің шапшаңдығын, алғырлығын, меңгердігін көрсете білді. Командаларға жүгіру, секіру түрлері ұсынылды. Спорттық жарыс өте қызықты ,көңілді өткендіктен, уақыттың да қалай зымырап өткенін байқамай қалдық. Жарысқа қатысқан балалар жақсы көңіл-күймен тарасты.