Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

Новости

Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір Отанда тұрамыз,
Бір бақшаға барамыз!
1 мамыр Қазақстан халықтарының  бірлік пен ынтымақ күні. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақ. Мереке күні балалар әр тілде тақпақтарды мәнерлеп, өлеңдерді нақышына келтіріп орындады. Балалар ұлттық ойындар ойнады, достық туралы мақал-мәтелдер айтып, жарысқа түсті. Балалар мереке барысында бір-біріне қолдау көрсете білді. Бірлік күніне арналған мереке балаларға сыңғырлаған қуанышты күлкі сыйлады.
________________________________________________________
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді алақай!
Ұмытылмас мәңгілік.
Жылдық жоспарға сәйкес, Ұлы жеңіс күніне орай мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттыққа тәрбиелеу, Отанын, туған жерін сүюге баулу, қариялар мен Отан қорғаушыларды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында балабақшада мерекелік іс-шара өтті.

Біздің балабақшада 2021 жылы 22-23 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық мектепалды даярлық топтарында «Біз - Қазақстанның болашағымыз» тақырыбында спорттық шаралар өткізілді.

Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.

12 сәуірде бүкіл ел Ғарышкер күнін атап өтеді. Біздің балабақшада бұл шараны ойдағыдай өткізді. Барлық топтарда «Ғарыш алыс және жақын» тақырыбында тақырыптық оқу қызметтері өтті. Балаларға «ғарыш», «галам» сияқты түсініктер берілді. Балалар алғашқы ғарышкер Юрий Гагаринмен танысты. Сонымен қатар қазақ елінен ғарышқа ұшқан ғарышкерлер Тоқтар Әубакіров, Талғат Мусабаев, Айдын Айымбетовпен танысты.
Мектепке дейінгі шақ – тұлғаны қалыптастырудың маңызды кезеңі және мұндай іс-шаралар балалардың бойына патриоттық сезімнің дамуына ықпал етеді. Балалардың бойында өз еліне, Отанына, оның мәдениетіне деген мақтаныш пен құрмет сезімі қалыптасады.

Уведомление на выделенные средства на 2021 год